Экономика

ШҚО-да 100 мыңыншы қазақстандық автокөлік шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында «Азия Авто» автомобиль зауытының 100 мыңыншы өнімі салтанатты түрде шығарылып, оған ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, «Азия Авто» Қазақстан» АҚ бас директоры Ержан Мандиев, «Автоваз» ААҚ президенті Бу Андерссон және ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау қатысты.
Шығыс Қазақстан29 Қыркүйек , 12:01

«Азия Авто» конвейерінен 100 мыңыншы отандық көліктің шығарылуы барша республика үшін айтулы оқиға. Осынау отандық өнімге қарай отырып автокөлік шығару саласындағы жеткен жетістіктерімізді мақтанышпен айта аламыз», - дейді Бердібек Сапарбаев. 

ШҚО әкімінің айтуынша, бір кездері Қазақстанның өзінің автокөліктерін шығару дегеніңіз үш ұйықтаса түске кірмейтін биік белес болып көрінетін. Дегенмен қажырлы еңбектің арқасында он бір жылдан бері еліміз өзінің отандық жеңіл көліктерін халықтың игілігіне ұсынып отыр.

«Қазіргі таңда зауыт әлемдегі ең танымал «Volkswagen Group», «General Motors», Renault-Nissan-АВТОВАЗ және «KIA Motors» секілді компаниялармен әріптестік құрып отыр. Соңғы үш жылда зауытқа салынған инвестиция көлемі 3 млрд теңгеден асады. Нәтижесінде шығарылатын өнім көлемі 1,6 есеге дейін артып, ондағы қызметкерлер санын тағы 313-ке көбейтуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда өнеркәсіпте 863 адам еңбек етеді», - деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Компания тобы жұмысы 2013 жыл мен 2014 жылдың 8 айында 35 млрд теңге көлемінде кіріс кіргізді.




Яндекс.Метрика