Халықаралық интеграция

Қазақстандық сауда миссиясы Иранда өз жұмысын бастады

Экспортқа бағытталған қазақстандық кәсіпорындардың Иранмен сауда-экономикалық қатынасты талқылау бойынша сауда миссиясы кеше Тегеранда ресми түрде жұмысқа кірісті.
Әлемде29 Қыркүйек , 12:16

Биылғы жылдың 28 қыркүейегі мен 1 қазаны аралығында Иранда болатын миссияны Иран Ислам Республикасының Сауда-өндірістік палатасының қолдауымен ҚР Инвестиция және даму министрлігі  Экспорт және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі ұйымдастырып отыр. 

Сауда миссиясы қазақстандық тауар өндірушілер мен ирандық әлеуетті тұтынушылар арасындағы  екіжақты келіссөз түрінде өтпек. Қазақстандық тарапты арматура, ұн, болат прокаты, аммиакті селитр, трансформатты құрылғы, автоматтандыру жүйесі және бір реттік медицина бұйымдарын шығаратын отандық 14 тауар өндіруші бастап барады.

«Бұл шара биылғы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің Иранға келген сапарының заңды жалғасы іспетті. Онда түрлі салалардағы екіжақты байланысты дамыту жолдары талқыланған еді», - дейді Ұлттық агенттік.

Айта кету керек, бүгінде Қазақстан Иран нарығына 540 млн АҚШ доллары тұратын 20 түрлі тауарды шығарады. «KAZNEX INVEST» АҚ бағалауынша, алдағы уақытта Қазақстанның бұл елге шығаратын тауар түрлері де артып, өнім құны да көбейе түспек. Қазақстан-Түркменстан-Иран темір жолының іске қосылуы Ресей, Қытай мен Қазақстанның Парсы бұғазына жолын ашатыны анық.




Яндекс.Метрика