Өңірлер

СҚО-да 2300-ден астам спорттық нысан бар

Халықтың дене шынықтыру және спортпен белсенді араласуы үшін облыста 2309 спорттық нысан жұмыс істейді, олардың 1836-сы ауылдық жерлерде, деп мәлімдеді бүгін СҚО әкімінің төрағалығымен өткен аппарат жиынында дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісі Руслан Есеналин.
Солтүстік Қазақстан29 Қыркүйек , 11:43

Оның айтуынша, облыста қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Қысқы спорт түрлері бойынша 334 секция жұмыс істейді. Онда 6 мыңнан астам адамға 278 бапкер мен ұстаздар бағыт-бағдар береді. 

«Өңірде жыл сайын шаңғы жарысы, биатлон, шайбалы хоккей, шорт-трек спорты бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Соның ішінде «Солтүстік», «Ақшақар», «Жұлдызша» атты жарыстар халықтың көңілінен шығып үлгерді», - дейді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда облыста көпфункционалды 9 спорт алаңы орнатылып, жарыс ұйымдастыруға арналған 5 стандартты алаңдар мен 4 көпшілік сырғанағы жасалуда.

 




Яндекс.Метрика