Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Қызылорда облысында аудандардың әлеуметтік - экономикалық дамуының рейтингісі енгізілді

Қызылорда облысында аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму рейтінгісін енгізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлан Соңғыбайұлы мәлімдеді.
Қызылорда17 Қыркүйек , 19:58

«Аудандардың және облыс орталығының даму рейтінгтері екі бағыт бойынша таратылады: әлеуметтік-экономикалық өсудің қарқыны мен белгілі уақыт аралығында аудандардың дамуы, - деп нақтылады ол. – Рейтінгтің қорытындысы бойынша 8 ауданның 6-уы дамыған немесе орташа дамыған аймақтар қатарына енді, ал 2 аудан төмен көрсеткіште тұр».

« Қызылорда қаласының дамуы жақсы дәрежеде, деді Соңғыбайұлы, - 23 қатысушы, оның ішінде 10 облыс орталығының ішінен ол бірінші  орынды иемденді. Даму жылдамдығы аз аудандар – Арал және Қазалы. Алайда, тек қалыс қалғандар ғана емес облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың  тапсырмасы бойынша барлық аудандар  даму жоспарын өсу рейтінгісі бойынша дайындап, әлсіз аудандарды дамытады».

 




Яндекс.Метрика