Мәдениетті жаңғырту

«Астана Опера» сахнасында Бибігүл Төлегенованың бенефисі өтеді

Ертең «Астана Опера» сахнасында Бибігүл Төлегенованың 85 жылдығына арналған атақты әншінің бенефисі өтеді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 19:43

«Бағдарламада - қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспапты шағармалар. Гала концертте Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың өзі, сондай-ақ мерейтой иесінің құрметіне белгілі қазақстандық опера әншілері, шәкірттері, оның дәстүрін жалғастырушылар, Бибігүл Төлегенова конкурсының лауреаттары және басқалары шырқайды. Сонымен қатар концертке «Астана Опера» хоры және симфониялық оркестрі қатысады», - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Мұнымен қоса, қазақстандық көрермен сүйіктісінің құрметіне көрме ашылып, онда Б. Төлегенованың қойылымдарға және концерттерге киген костюмдері, жеке заттары, марапаттары қойылады. Көрмеде сонымен қатар әншінің өміріне және шығармашылығына арналған фотогалереяны тамашалауға болады. 




Яндекс.Метрика