Халықаралық интеграция

Астанада қазақстандық-ресейлік консультациялар өтті – СІМ

Астана қаласында Сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде қазақстандық-ресейлік консультациялар өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 10:34

Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев, Ресей тарапын - Ресей Федерациясының Статс-хатшысы - Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин басқарды.

Кездесу барысында сұхбаттастар саясат, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

«Осы жылғы  30 қыркүйекте Атырау қаласында Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Қазақстан және Ресей Өңіраралық ынтымақтастықтың ХІ Форумына дайындыққа, сондай-ақ, 2012 жылдың желтоқсанында екі ел басшыларымен бекітілген Қазақстан мен Ресейдің 2013-2015 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарының орындалуын талдауға ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, ТМД, ҰҚШҰ және ЕЭО аясындағы  көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды», - делінген хабарламада.

Консультацияның қатысушылары Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шартқа және Қырғыз Республикасының ЕЭК-ке кіруінің «Жол картасына» дайындық барысы туралы пікір алмасты.




Яндекс.Метрика