Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның ақпараттық саясаты мемлекеттің нақты істерін ақпараттандыру есебінен құрылуы керек – Әшімбаев

Қазақстанның ақпараттық саясаты мемлекеттің нақты істерін ақпараттандыру есебінен құрылуы керек, деді қазақстандық саясаткер Данияр Әшімбаев.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 10:16

«Ұзақмерзімді Стратегияның ақпараттық таратылуына келер болсақ, менің ойымша, қазір өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Телеарналарда, ғаламтор сайттары мен баспасөз құралдарында көптеген дүниелер жариялануда. Назар салатын нәрсе Стратегияның мәтінін құрғақ қайталау емес, ондағы берілген міндеттемелердің орындалуына басымдылық берілуі керек», - дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, құжаттың пішіні емес, мәніне көбірек назар аударған  жөн. «Адамдар қазір нақты жоспар мен көзге көрінетін нәтижелерді талап етеді. Сол секілді мемлекеттің келешегі де айқын болуы керек», - дейді Д.Әшімбаев.

«Жалпы, мемлекеттің ақпараттық саясаты мемлекеттің жоспарларын жариялауға емес, мемлекеттің қаншалықты жұмыс істеп жатқанын жариялауға негізделуі керек. Онда алға қойылған міндеттемелердің орындалу деңгейі мен нақты істелген істер айтылуы керек», - дейді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика