Парламент

Сенат депутаттарының сайлауын шет мемлекеттің 276 өкілі бақылайды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқауға шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан 276 байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілі қатысады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Казахстан29 Қыркүйек , 09:32

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрілігінің ұсынуы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 166 байқаушысын аккредиттеді. 

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) байқаушылар миссиясының құрамында 3 халықаралық ұйымнан және 8 ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден 114 байқаушы, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан құрамына 6 ТМД-ға қатысушы мемлекеттен 27 байқаушы енген топ және 4 байқаушыдан тұратын Беларусь Республикасы мен Ресей Одағының Парламенттік жиналысынан байқаушылар тобы (Беларусь Республикасынан 1 және Ресей Федерациясынан 3) аккредиттелді», - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ Ортсайлауком Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан (ШЫҰ) байқаушылар миссиясының құрамында ШЫҰ-ға қатысушы 6 мемлекеттен 9 байқаушыны аккредиттеді. 

2014 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 110 өкілін аккредиттеді. 

Осылайша, алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқауды шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан 276 байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілі жүзеге асыра алады. 

Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысуға, сайлау комиссияларынан сайлау науқанының өту барысы туралы ақпаратты алуға, сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге және т.б. құқылы. 

Олар жеке басын және аккредителгендігін куәландыратын құжаттарын өзімен бірге алып жүруге, Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті. 

 




Яндекс.Метрика