Өңірлер

Маңғыстаулық кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алуға қатысты семинар өткізілді – ҰКП

Сервистік қолдау бағдарламасы аясында Маңғыстау индустриялды палатасы облыстың кәсіпкерлер палатасымен бірігіп мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге арналған екі күндік тәжірибелік семинар өткізді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Маңғыстау29 Қыркүйек , 09:16

Тегін оқыту семинары барысында шамамен елуге жуық кәсіпкерге 2014 жылдан бастап күшіне енген өзгерістер мен толықтыруларды қамтитын мемлекеттік сатып алу мәселелерін реттейтін және мемлекеттік сатып алу ұйымдарының тиімділігін арттыратын қолданыстағы заңнамамен танысу, мемлекеттік сатып алу саласындағы қажетті құжаттарды құрудың тәжірибелік қабілеттерін меңгеру таныстырылды.

Семинарда мемлекеттік сатып алуға байланысты теориялық және тәжірибелік мәселелер қарастырылып, оларды өткізу әдістері, мемлекеттік сатып алуға қатысты заңнама талаптары мен мемлекеттік сатып алуға қатысуда көлденең шығатын мәселелер туралы айтылды.

Тәжірибелі бизнес тренер қарапайым және түсінікті тілмен кәсіпкерлерге жыл сайын өзгеріп жатқан мемлекеттік сатып алу тәртібін түсіндіріп, тәжірибелік дәріс өткізді.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетіп отырған қолдаудың арқасында осы екі күнде бұрындары білмеген мемлекеттік сатып алу процедурасын дұрыс өткізу тәртібін меңгердік. Енді мен колледждің атынан өз бетімше қатысып, байқауларда бағымды сынап көре аламын», - дейді Қазақстанның заманауи «Болашақ» академиясының колледжі өкілі Раушан Бегниязова.




Яндекс.Метрика