«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша (2010 жылдан бері)облыста 5 мың жұмыс орнын ашу арқылы 105,3 млрд.теңгеге 44 жоба іске асырылды. Оның ішіндегі 17 жоба жобалық қуатын 90%-дан 100%-ға дейін игерді, қалғандары жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес игеруде», - деп хабарлады әкімдікте.
Тоқтап тұрған кәсіпорындар жоқ. Биылғы жылдың 8 айындағы ауыл шаруашылық жиынтық өнімінің көлемі 10%-ға артып, 60,2 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта, агрария саласының алдына қойылған басты міндет – егін орағын өткен жылғыдан төмен емес деңгейде уақытында және сапалы өткізу. Бүгінгі күні, жұмыс 55,5%-ға орындалды, шамамен 2,3 млн.тонна астық жиналды. Егін жинау науқанына 8 мың 626 астық жинау комбайны қатысуда,ЖЖМ-мен толығымен қамтамасыз етілді.
«Астық қабылдауға 3,8 млн. тонна сақтау сыйымдылығымен 58 лицензияланған нан қабылдау кәсіпорны дайындалды. Облыс шаруашылықтарында 1,2 млн. тонна қосымша астық көлемін сақтау мүмкіндігі бар, ол астықтың жоспарланған көлемін сақтауды қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.