Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Кабулда Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастық турасында үкіметаралық отырыс болып өтті

16-17 қыркүйек күндері Кабулда сауда-экономикалық ынтымақтастық турасында үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы болып өтті.
Әлемде17 Қыркүйек , 19:56

ҮСК қазақстандық төрағасы болып Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко тағайындалса, ауғандық жақтан Ауғанстанның Өндіріс және сауда министрі Анвар-уль-Хак Ахади болды.

Жиынға қазақстандық министрліктер өкілдері, сауда-өндірістік палата мен әр түрлі ведомство басшылары қатысты. Ал ауғандық жақтан ведомства басшылары, ұлттық энергетикалық компания басшылары мен провинция губернаторлары болды.

Кездесуде Үкіметаралық комиссияның 5-ші протоколының орындалуы талқыланды. Атап айтылғандай, 5-ші  бас қосудың мақсаты түгел орындалған. Түрікменстан мен Қазақстан аралығында теміржол бағыты ашылды, ол Қазақстан мен Ауғанстан арасын Түрікменстан арқылы қосып отыр. 2013 жылдың 2-3 шілдесінде қазақстандық кәсіпкерлер Кабул қаласында Орталық Азия мен Ауғанстанның бизнес өкілдері қатысқан отырыста болды. Сонымен қатар, Қазақстанның  Мемлекеттік бағдарламалары  бойынша Ауғанстан азаматтары білім алуда. Олардың жалпы саны 483 адамды құрап отыр.

Жиында 2014 жылға арналған жоспарлар тізімі қарастырылды. Қазақстандық делегация басшысын Ауғанстан вице-президенті К. Халили қабылдады. Отырыс соңында 6 отырыстың протоколына қол қойылды. Ал келесі, яғни 7 отырысты өткізу 2014 жылда өтеді деп жоспарлануда.




Яндекс.Метрика