Мәдениетті жаңғырту

Британ сахнасында алғаш рет қазақ пьесасы ағылшын тілінде қойылды

Бүгін Астанада ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы премьерасы Астана мен Лондонда ағылшын тілінде сахналанған «Транзитті жолаушы» қойылымының жетекшілері және авторларымен кездесті.
Астана қаласы27 Қыркүйек , 15:01

«Ведомства басшысы мен қазақстандық танымал драматург Дулат Исабеков, Британ Парламенті Лордтар Палатасының өкілі Алисон Мари Сати, Лондондағы Шыңғыс Айтматов Академиясының профессоры Абдуалиева Рахима Мусайқызы, Кембридж университетінің профессоры Сиддхарт Шанкер Саксен кездесуде бірлескен мәдениетаралық жобалар туралы ойларын ортаға салды», - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Айта кету керек, қазақ тіліндегі туындылар бұрын-соңды ағылшын сахнасында көпшілік назарына ұсынылмаған. Қойылымның жергілікті халықтың көңілінен шыққаны анық.

«Алғаш рет қазақстандық көрнекті драматург Дулат Исабековтың «Транзитті жолаушы» еңбегінің ағылшын тіліне аударылуы қазақ әдебиетінің тарихында қаларлық оқиға болып отыр», - деді министрлік.

Драматург Дулат Исабековтың айтуынша, бұл жобаның жүзеге асырылуы тарихи оқиға. «Жазушы дегеніңіз тұтастай ұлттың атынан сөйлейтін адам. Біздің Президентіміз зиялы қауым өкілдерін назардан тыс қалдырмайды. Мен ол кісімен осы қойылымның алдында ғана жолыққан едім, қойылымнан кейін де кездесудің сәті түсті», - деді.

Қойылымның продюсері Джозеф Сандерстың айтуынша, британдық Орта Азия елдерінің тәжірибелік «Орзу» театрының ашылғанына көп болған жоқ. Дулат Исабековтың аталған қойылымы осы бастаманың алғашқы жобаларының бірі.


 




Яндекс.Метрика