Елбасының Ұлытаудағы ұлағатты әңгімесі

ТҮРКСОЙ өкілдері Ұлытау өңірінде жаңа мәдени ескерткіштер орнату туралы резолюция қабылдады

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйым өкілдері «Ұлытау – Ұлы мекенім» халықаралық форум қорытындысы бойынша Ұлытау өңірін дамыту мен аймақты мәдени туризм орталығына айналдыру мақсатында өңірінде жаңа мәдени ескерткіштер орнату мен ескірген ескерткіштерді қалпына келтіру туралы резолюция қабылдады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қарағанды28 Қыркүйек , 15:31

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Қарағанды облысында қазақ халының бірлігі мен ұлттық құндылықтарына арналған «Ұлытау – Ұлы мекенім» атты халықаралық форум өтті. Мәдени форумға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Тува, Хакасия мен Монғолияның ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы өкілдері келді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқанындай, Ұлытау таулары Қазақстанның кіндігінде орналасқан. Бұл әр қазақ үшін қасиетті орын. «Біздің тарихымызды өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттауымыз керек. Ұлытау біздің ата-бабалырымыздың орталығы болған. Атап айтар болсақ, Ғұндар мен Көк Түріктер, Алтын Орда мемлекеттерінің рухани орталығы осы Ұлытау болған. Мұнда 1730 жылы жоңғарларға қарсы үш жүздің басы қосылған. Ұлытаудың оңтүстік-шығысында болған атақты «Қалмаққырылған» шайқасында қазақтар жоңғарларға қарсы үлкен соққы берді», - деді Елбасы «Хабар» арнасына берген сұхбатында.

Жалпы, ведомстваның хабарлауынша, форумға қатысушылар Мемлекет басшысының ұсынған «Қазақстан мемлекеттілігінің тұтастығы мен халық бірлігінің белгісі» монументі құрылысының екінші кезеңін іске асыру жұмыстары туралы ойларын ортаға салып, «Ұлытау» ұлттық музей-қорығын құру мен мұнда әлеуметтік нысандарды қамтитын заманауи инфрақұрылым жасау жайын талқылады. 

Ұлытауды дала өркениетінің бесігі және тек қазақ халқының емес, барша түркілер мәдениетінің орталығы ретінде атын шығаратын түрлі бағдарламалар туралы пікірлер айтылды.
Сөз соңында форумға қатысушылар Әулиетау туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелерді кеңінен насихаттап, Ұлытау өңірін дамыту мен аймақты мәдени туризм орталығына айналдыру мақсатында өңірінде жаңа мәдени ескерткіштер орнату мен ескірген ескерткіштерді қалпына келтіру туралы резолюция қабылданды.




Яндекс.Метрика