Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

АЛТЕЛ Семейде LTE (4G) желісін іске қосты

«Қазақтелеком» АҚ үлескер компаниясы, қазақстандық тұңғыш ұялы байланыс операторы «АЛТЕЛ» АҚ Қазақстанда LTE (4G) мультитехнологиялық желісін кеңейтіп жатыр. Компания Семей қаласында төртінші толқынды жоғары жылдамдыққа ие желіні коммерциялық пайдалануға ұсынды.
Шығыс Қазақстан28 Қыркүйек , 14:31

«ALTEL компаниясының төртінші толқындағы инновациялық желісі мобильді қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 100 Мбит/секунд жылдамдыққа ие ғаламтор бұрынғы желілерге қарағанда 5-7 есеге дейін жоғары жылдамдыққа ие. LTE желісіне ақпаратты беру жылдамдығының айтарлықтай артқанының арқасында АЛТЕЛ абоненттері жаңа мультимедиалық сервистерге қол жеткізе алады. Олардың арасында бейне және дыбыс контенттері жоғары сапада ұсынылады. Сонымен қатар түрлі ойындар мен мониторинг жүйесі, бейнеконференциялар, интерактивті онлайн-қосымшалар мен өзге де дүниелер бар», - деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі. 

«АЛТЕЛ компаниясы 50 мыңнан артық халқы бар шағын қалаларда LTE желісі құрылысын қолға алды. Бұл бастамамыз жоспарға сай жүзеге асырылып жатқанын қуана хабарлаймыз», - дейді «АЛТЕЛ» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков. 

Бүгін Семей қаласының халқы 4G желісіне қол жеткізіп отыр. Жыл соңына дейін тағы 11 қалаға орнату жоспарланған. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәліметтерді кеңжолақты таратудың стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру тапсырмасы орындалуда, АЛТЕЛ 4G ғаламторы мен мобильді байланыстың барлық артықшылықтарын жұрт игілігіне ұсынуда», - дейді «АЛТЕЛ» АҚ басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбеков. 

Естеріңізге сала кетейік, LTE желісі 2012 жылдың желтоқсанында Астана мен Алматы қалаларында 1800 МГц жиілігімен іске қосылған еді. Бір жылдан кейін Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелең, Өскемен, Шучинск, Шымкент, Талғар қалалары, 2014 жылдың шілде айында Тараз бен Қызылорда осы игілікке қол жеткізген. Биылғы жылдың мамыр айында АЛТЕЛ Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларында Қазақстандағы тұңғыш 4G/3G/2G мультитехнологиялық желісін іске қосты. Ал осы айда аталмыш жұмыстар Тараз, Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Талдықорған, Орал, Көкшетау және Қостанай қалаларында жалғасын тапты.




Яндекс.Метрика