Су ресурстарына арналған жаңа саясат

СҚО-да су нысандарын қолдану мәселесі талқыланды

СҚО-да облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында өңір аумағындағы су нысандарын пайдалануды реттеу мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы мәселе қаралды.
Солтүстік Қазақстан28 Қыркүйек , 12:32

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, көлдердің электронды базасында өңірде 2328 көл тіркелген, соның 473-і тұзды көл болып табылады.

«Облыстың 384 су қоймасы балық шаруашылығына арналған. Соның 199-ы жеке кәсіпкерлерге жалға берілген. 2014 жылы балық шаруашылығындағы су қоймаларын жалға алушылар өз қаражаттары есебінен қарамағындағы көлдерге 56 түрлі балықты алып келді», - дейді табиғи ресурс пен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Қабиден Сәдуақасов.

Жиында Ерік Сұлтанов 2015 жылы қаржыландыруға қол жеткізіп, су торабын қалпына келтіру үшін Шарық су қоймасының жобалау-сметалық құжаттарын тезірек дайындау қажеттілігін айтты.




Яндекс.Метрика