Өңірлер

Талдықорғанда қала күні тойлануда

Алматы облысында 20 тамыздан басталған Қала күніне арналған шаралар бүгін «Ғасырмен бірге жаңарған Талдықорған» атты мерекелік шарамен қорытындыланды. Қалалықтар мен қала қонақтарын облыс әкімі Амандық Батталов құттықтады.
Алматы27 Қыркүйек , 15:31

Осы күні Талдықорған әскери гарнизонының әскери техникаларының көрмесі, балалар көркем сурет мектебінің көрмесі, этномәдени бірлестіктердің қолөнер және аспаздық, сонымен қатар кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, қала сәулетінің, коммуналдық қызметтің, басқа да түрлі салалардың көрмелері қойылды.

Орталық алаңда «Әнші балапан», «Екі жұлдыз» және «Мисс Обаяшка» байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары концертін ұсынды. Қала күніне арналған «Алып торт» әзірленіп, талдықорғандықтар торттан дәм татты. «Бауырсақ пати» байқауында аспаздар ең тәтті бауырсақ әзірлеуден жарысқа түсті.

Мұнан соң мереке «Жетісу» Орталық стадионында жалғасты. Облыс басшысының құттықтауынан кейін қала әкімі Ермек Алпысов бірқатар азаматтарға Талдықорған қаласының «Құрметті азаматы» атағын тапсырды.Сонымен қатар «Ең үздік аула тазалықшысы», «Ең үздік темір ұстасы», «Ең үздік ПИК», «Ең үлгілі тұрғын үй», «Ең үздік қоғамдық көлік жүргізуші», «Ең үздік мұғалім», «Ең үздік учаскелік дәрігер», «Ең үздік учаскелік полиция қызметкері», «Ең үздік әлеуметтік қызметкер» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

Жиналған көпшілікке театрландырылған көріністер мен өнер ұжымдарының концерті ұсынылды.

Қала мерекесі кешкілік қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін жастардың би кешімен және лазерлік шоумен аяқталады.
 




Яндекс.Метрика