Өңірлер

Биыл Ақмола облысында 268 мың шаршы метр үй тапсырылады – әкімдік

2014 жылы Ақмола облысында 268 мың шаршы метр үй тапсыру жоспарланып отыр.
Ақмола28 Қыркүйек , 11:33

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша өңірде 118,2 мың шаршы метр үй салынған, бұл өткен жылғы көрсеткіштің 94,3%-ын құрайды.

«Биыл 268 мың шаршы метр үй салу жоспарланған. 155 жас отбасы жалға берілетін үйлерге қол жеткізсе, 251 отбасы кезек бойынша, тағы 150 отбасы тұрғынүйқұрылысжинақ банкі арқылы пәтерлі болмақ», - деп хабарлайды әкімдік.

Айта кету керек, тек облыс орталығы Көкшетаудың өзінде көппәтерлі 17 үй салу жоспарланып отыр. Соның 9-ы кезектегілерге, 3-еуі жас отбасыларына, тағы 5-еуі ТҮҚЖБ салымшыларына берілмек.




Яндекс.Метрика