Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Бүгін Қазақстанда алғаш рет Еңбек күні аталып өтеді

Бүгін Қазақстанда алғаш рет ҚР Президентінің Қаулысымен қыркүйектің соңғы жексенбісіне бекітілген Еңбек күні аталып өтеді.
Казахстан28 Қыркүйек , 10:01

Бұл мерекенің басты мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау мен Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында жұмысшы әулеттердің көпжылдық еңбегін ұлықтау. 

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев барлық қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтап, қазақстандықтардың адал да кәсіби еңбектерінің Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіндегі басты кепіл екенін айтты.

Мереке қарсаңында Астана қаласындағы Қазақстанның Ұлттық музейінің залында жұмысшы жастар арасындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Сонымен қатар осы күнге орай бірқатар шаралар қолға алынды. Атап айтар болсақ Қызылордада жұмысшы әулеттер форумы, Өскеменде «Өз ісінің шебері» байқауы мен жұмыс берушілер байқауы, Талдықорған, Шымкент пен Павлодарда «Еңбек адамы» байқауы өтті.




Яндекс.Метрика