Экология

Шымкентте құс қиын өңдейтін ҚР-дағы тұңғыш зауыт ашылды

Шымкентте құс қиын өңдейтін ҚР-дағы тұңғыш зауыт ашылды, деп хабарлайды «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ.
Оңтүстік Қазақстан28 Қыркүйек , 11:04

«Шымкент құс» ЖШС-де құстың қиын органикалық тыңайтқышқа айналдыру технологиясы құс фабрикасындағы барлық қиды өңдеуге мүмкіндік береді.

«Құс фабрикаларындағы өндіріс көлемінің артуы Қазақстандағы экологиялық жағдайға қауіп төндіргені анық. Құс қиының патогенді микрофлордың даму көзі екені және адам мен қоршаған ортаға белгілі бір деңгейде қатер әкелетіні анық. Сол себепті аталмыш қалдықты өңдеу уақыт күттірмейтін мәселе болып табылады. Құс қиы арнайы орынға жиналғанымен жылдар бойы өңделмей сақтала береді. Құс фабрикасындағы 40 мың құстың жыл сайынғы жиналатын 35 мың тоннадан 83 мың тоннаға дейінгі қиы қазіргі таңда өңдеуді қажет етіп тұрған жайы бар», - делінген хабарламада. 

«Бұл зауыт фабрика полигонында қоршаған ортаға қауіпті қалдықтардың жиналуының алдын алады. Сонымен қатар қалдықтарды өңдеу арқылы құс қиын кәдеге жаратуға мүмкіндік бар», - дейді «Шымкент құс» ЖШС бас директоры А.Досболов.

«Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ президенті Руслан Шариповтың айтуынша, қиды өңдегеннен кейін алынатын тыңайтқыш заттар экологиялық таза, жоғары сапалы органикалық өнім болып табылады. Ол көптеген шаруашылықтарда кәдеге жарайды. Әсіресе, осы өнім азотты органикалық формада сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өсімдіктердегі фотосинтез процесін жақсартпақ.




Яндекс.Метрика