Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қазақстанда 9.3 млн тонна бидай өндірілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметінше, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде 9 млн 289,1 мың тонна дәнді-дақыл жиналды, орташа өнімділік 11,9 га/ц құрайды.
Казахстан17 Қыркүйек , 19:54

«2013 жылдың 16 қыркүйегінде 9 млн 289,1 мың тонна алынды, орташа өнімділік көрсеткіші 11,9 га/ц құрайды. Ауылдық тауар өндірушілері 7802,1 мың гектар жерді жинаса, оның 49,5 % облытық жинау аумағына кіреді»,- деп ауыл шаруашылық басқармасының хабарламасында көрсетілген.

Еліміздегі ең ауқымды егін егетін аймақ – Қостанай облысы, 60 % жерді жинады, олар 2,67 млн тонна бидай өндірді, жалпы өнімділігі 10 га/ц құрайды. 

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында егін алқабының 43% жиналған, ол 2 млн тонна бидайды құрайды, өнімділік- 13,4 га/ц.  Ақмола облысының науқаншылары бүгінгі күні 36 % егін алқабын тазалады, ол 1,6 млн тонна бидайды құраса, өнімділігі 10,6 га/ц көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика