Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақстанның білім ошақтарында жемқорлыққа қарсы мінез-құлық тәртібі енгізілуі мүмкін – Нұр Отан

Қазақстанның білім ошақтарында жемқорлыққа қарсы мінез-құлық тәртібі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Нұр Отан» сайты партия хатшысы Фархад Қуанғановқа сілтеме жасай отырып.
Астана қаласы28 Қыркүйек , 10:32

«Жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәдениеті мәселесін көтергенде, қандай да бір қағидаға яки оған деген өзіндік қатынасын ұстануды үйрету ғана емес, бұл дертке қарсы мінез-құлық қалыптастыру аса маңызды», - деді Фархат Қуанғанов «Нұр Отанның»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа Бағдарламасы жобасын жастар ұйымдары лидерлерінің талқылауына арналған жиында.

Оның пікірінше, жемқорлық көріністерімен бетпе-бет келген азаматтар оған қалай қарсы тұру керектігін білмейді. «Адамдар пара бопсалап жатқандарға қарсы өзін қалай ұстау керектігін біле бермейді. Қандай жағдай болмасын, әңгімені төтесінен қойып, бопсалауды нәтижесіз етіп шығаруға болады», - деп атап өтті ол.

Білім беру мекемелеріндегі жастар, міне, осындай ұстанымда тәрбиеленуі керек.

Сонымен қатар, Фархат Қуанғанов бұл мәселеде батыстық сарапшылардың тәжірибесіне назар аударуға шақырды.

«Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-лар сарапшыларынан тұратын жеке топ құрылуы керек. Олар әлемдік технологиялар мен тәжірибелерді ендірумен айналысатын болады. Меніңше, жемқорлыққа қарсы мінез-құлық ЖОО мен колледждердегі білім беру үдерісінің бір бөлшегіне айналуы керек», - деп ойын түйіндеді партия хатшысы.




Яндекс.Метрика