Өңірлер

Астанада Павлодар мен Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Астанада Павлодар мен Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ашылды.
Астана қаласы27 Қыркүйек , 15:58

Елорда әкімдігнің хабарлауынша, қос облыстың өнімі Астана қаласындағы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзанға сатылуда.

«Әр сенбі біздің қалалық алаң кішігірім базарға айналады. Онда әр өңірдің ауыл шаруашылық өнімін өндіруші шаруалар өнімдерін алып келіп пұл қылады. Өзіңіз мән беріп қарасаңыз, еліміздің өңірлерінің ауыл шаруашылық өнімін шығаратын компаниялар өнімдерінің еуропалық стандарттан асып түспесе, кем түспейді», - дейді Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Павлодар облысынан жәрмеңкеге он аудан келіп отыр: Ақтоғай, Баянауыл, Железі, Ертіс, Қашыр, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Щербақты және тағы 3 қала: Павлодар, Екібастұз бен Ақсу.

Астана жәрмеңкесінде сатылымға әкелінген Павлодар облысы өнімінің жалпы көлемі 750 тоннаны құрады. Соның ішінде ет және ет өнімдері 52 тонна, сүт өнімдері 25 тонна, жұмыртқа 90 мың дана, картоп 300 тонна, көкеніс 190 тонна, ұн 20 тонна, макарон өнімдері 27 тонна, нан мен кондитер өнімдері 12 тонна, күнбағыс майы 18 тонна, бал 3 тонна, қалған өнімдер 103 тонна.

Жамбыл облысынан жәрмеңкеге Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Сарысу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының шаруалары келді.

Жамбыл облысынан әкелінген өнімнің жалпы көлемі 190 тонна, соның ішінде ет және ет өнімдері 35 тонна, сүт өнімдері 12 тонна, жұмыртқа 6 мың дана, картоп 31 тонна, көкеніс 51 тонна, нан және кондитерлік өнімдер 4,5 тонна, бал 2 тонна, өзге өнімдер 55 тонна.

Айта кету керек, Павлодар және Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылық өнімдері Астана нарығындағы бағадан 15-20 пайыз арзанға сатылуда.

Қос облыстың осы жәрмеңкесі 27-28 қыркүйекте де жалғасын таппақ.




Яндекс.Метрика