Өңірлер

Ақмола облысы жылыту маусымына 98,8% дайын – әкімдік

Ақмола облысы жылыту маусымына 98,8% дайын, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола28 Қыркүйек , 13:03

Өңірде 605 қазандық мен 50,9 км жылу желісі жөнделді. Су құбыры-кәріз желілері бойынша 211,1 км және 81,8 км электрқамту желісі жөнделген.

«Білім беру және денсаулық сақтау нысандары 100 пайыз дайын. Биылғы жылдың қыркүйегіне дейін 1,495 тонна мазут әкелу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыс орталығы Көкшетауда 5 қазандық дайындалды, әлеуметтік нысандар да қысқа сақадай сай дайын.

«Ақкөл, Аршалы, Астрахань, Атбасар, Егінбікөл, Еңбекшілдер, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау аудандарында қазандықтар, әлеуметтік сала нысандары, тұрғын үйлер жылыту маусымына әбден дайын. Инженерлік желілер толықтай жөнделіп, екі айлық отын қоры бар», - деп хабарлайды әкімдік.




Яндекс.Метрика