Келісім жобасы мемлекетішілік процедураларға жіберілетін болады.
Сондай-ақ, жиын барысында Еуразиялық экономкалық одақ шеңберінде дәрілік құралдар айналымының ортақ қағидалары мен ережелері келісімінің басқа жобасы да қаралды. Аталған жоба әрі қарай келісіліп, 2014 жылғы 20 қыркүйекте Алматыда өткен жұмыс тобы отырысында мақұлданды. 2014 жылғы 1 қазанда Жобаны Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мүшелері бейне-режімде қарастыратын болады.
Жалпы, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы жемісті өтті. Тараптар Одақ қызметінің түрлі салаларындағы маңызды құжаттарды қарастырып, мақұлдады.