«Өз сөзінде Е.Ыдырысов БҰҰ БА сессиясының саяси пікірталасы қатысушыларына G-Global, Астана экономикалық форумы, АТОМ жобасы, «Жасыл өткел» бағдарламасы, Азиядағы Өзара Сенім және Ықпаластық Шаралары Кеңесі 1992 жылы Президент Н.Назарбаевтың Нью-Йорктегі БҰҰ мінберінде айтылған бастамалары секілді елдің сыртқы саясаттағы атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар елдің қазіргі бет алысы мен жаһандық қауіпсіздіктегі ұстанымдары айтылды», - деп хабарлайды ҚР СІМ.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ұйым арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталды. БҰҰ басшысы Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік пен Орта Азия мен оның сыртында экономикалық дамуға қосқан үлесін жоғары бағалап, халықтың гүледнуіне сенім білдіріп, Елбасы Н.Назарбаевтың осы еңбектеріне жеміс тіледі.
Өз кезегінде Е.Ыдырысов Астананың БҰҰ-ын заманауи жаһандық қатерлерге жауап беретін әлемдік ұйым ретінде және осы институттың алдағы уақытта дамы беруіне өзіндік үлесін қосатынын жеткізді.
ҚР СІМ хабарлауынша, Е.Ыдырысов Қазақстан БҰҰ-ның Орта Азиядағы қызметіне қолдау беретін өңірлік және әлемдік деңгейдегі мемлекет бола отырып Алматыда БҰҰ Өңірлік дипломатиялық хабын құруда барлық жағдайды жасайтынын мәлімдеді. Осылайша тараптар 2015 жылдан кейін Тұрақты Даму Мақсатары (ТДМ) құру мен оны орындауда халықаралық қауымдастықтың алға қойған мақсаттарына да тоқталды.