Адами капитал

Астанада Т.Жүргеновтың рухани мұрасына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

26-қыркүйекте Астана қаласында «Орта Азия мен Қазақстанның білімі мен мәдениетін дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Астана қаласы27 Қыркүйек , 11:32

«Конференцияның негізгі мақсаты - мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу, Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін қалыптастырып, дамытудағы еңбегіне арналған ғылыми зерттеулер нәтижелерін баяндау, жаңа мұрағаттық құжаттарды саралап, ғылыми айналымға ендіру», - деп хабарлайды ҚР БҒМ.

Конференцияның пленарлық мәжілісіне ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев қатысып, сөз сөйледі.

Конференция қатысушылары Темірбек Жүргеновтің Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін қалыптастырып, дамытудағы еңбегіне ерекше тоқталды.

Баяндамаларда ХХ ғасырда орын алған мәдени жаңғыру үдерісін тәуелсіз көзқарас тұрғысынан пайымдау мәселелері және "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асырудың басымдық факторлары мазмұндалды.

Конференция барысында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің "Астана" атриумында "Білім тарихы музейінің" салтанатты ашылуы болды.




Яндекс.Метрика