Өңірлер

Ақмола облысында мемлекеттік қорға 140,44 мың гектар жер қайтарылды

Ақмола облысында мемлекеттік қорға ауыл шаруашылық бағыттағы 140,44 мың гектар жер қайтарылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жер қатынастары басқармасының бастығы Алмагүл Қадыралинаға сілтеме жасай отырып.
Ақмола27 Қыркүйек , 12:01

Өңірде республикалық бюджет есебінен 2010 және 2013 жылдары жалпы аумағы 6978,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылық айналымына айналдыру үшін ауыл шаруашылық жерлерін түпкілікті  инвентаризациялау жұмыстары жүргізілді.

«Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 937,1 мың гектар ауыл шаруашылық жері анықталды. Соның 140,44 мың гектары мемлекеттік қорға қайтарылып, тағы 415 мың гектарды пайдалану шаралары жаңартылды. Ал 226,6 мың гектар жер жалға алу келісімін уақытынан бұрын бұзу туралы ескертуге жіберілді», - дейді А.Қадыралина әкімдіктің отырысында.

Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдерін инвентаризациялау аясында облыс аумағында пайдаланылмай жатқан 9 мыңдай жер телімі анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 2 531 гектар жер қайтарылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысы республика бойынша жер көлемі жағынан 4-ші орында, оның жер көлемі 14,6 млн га.




Яндекс.Метрика