Биыл Ақмола облысында 700-ден астам мүгедек жұмыспен қамтылды – әкімдік

Ақмола облысында 2014 жылдың 8 айында 704 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола27 Қыркүйек , 11:03

«Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында «Ақмола облысы мүгедектерін жұмыспен қамтудың картасы» құрылды. Осыған сай биыл 715 мүгедекті жұмыспен қамту жоспарланған. Соның 94-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша, 279-ы 3 пайыздық жеңілдікпен жұмысқа тұрды. Жұмыспен қамту органдары биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 702 мүгедекті, ал жалпы 8 айдың қорытындысы бойынша 704 мүгедекті жұмыспен қамтамасыз еткен. Ал білікті жұмыс орындарына 209 мүмкіндігі шектеулі жан орналасты», - деп хабарлайды әкімдік.

Айта кету керек, облыста 28 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адам өмір сүріп жатыр. Биыл облыстық бюджеттен осы адамдарды бейімдеу құралдарымен қамтамасыз ету үшін 219,5 млн теңге бөлінді. Аталмыш қаражат 1178 мүгедектің демалыс-шипажай емдеріне жұмсалады.

Осы секілді бейімдеу құрылғыларын беретін мемлекетік қолдауға облыстың жүздеген тұрғыны мұқтаж.

«Биыл мүгедектерге 695 тифло-техникалық, 349 сурдо-техникалық, 248 арнайы жүріп-тұру құралдары және 1150 протезді-ортопедиялық бұйымдар беріледі. Қыркүйектің біріне дейін 114 мүгедекпен 16 маман ым тілі бойынша жұмыс істеді. Оған 6 млн теңге жұмсалды. Ал 325 жеке көмекші жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 475 мүгедекке көмек беріп, сонымен қатар мемлекеттік сектор аясында облыста 28 әлеуметтік қызмет бөлімі жұмыс істейді», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика