Шағын және орта бизнесті дамыту

Алматының шағын және орта бизнесі 130 млрд теңгедан астам табыс әкелді

2013 жылдың жартыжылдығы бойынша шағын және орта бизнестің қаржылық көрсеткіші 136, 7 млрд теңгені құрады, ол 2012 жылмен салыстырғанда 18,7 % жоғары, деп хабарлады Алматы қаласы статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы17 Қыркүйек , 19:49

Тиімділік көрсеткіші 10,3 % пайызды құрайды. Залалды кәсіпорындардың қортындысы бойынша олардың үлесі 38,4 % құрады, деп мәлімденген хабарламада.

Сонымен қатар, статистика бойынша заңды тұлғалардың тіркелу көрсеткіші өсуде. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде олар 94 220 бірлікті құраған болатын, ол өткен жылдікімен салыстырғанда 6,1 % жоғары.

Заңды тұлғалардың көрсеткіші 42 920-ға жеткен. Оның ішінде шағын кәсіпорындар 40 145 бірлікті құрайды. Алматы қаласында шағын кәсіпкерлік бойынша 75 675 субьект тіркелген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,9 %-ға  жоғары.

 

 




Яндекс.Метрика