Инфрақұрылымның дамуы

Талдықорғанда 220 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді (ФОТО)

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы бірқатар нысандардың ашылу салтанатында болды.
Алматы 26 Қыркүйек, 18:51

«Соның бірі қаладағы негізінен тас өңдеумен айналысатын кәсіпорын. Зауыттың қуаттылығы жылына 5 мың текше метр тасты өңдеп, құрылыс жұмысына қажетті өнім шығарады. Бүгінде кәсіпорында 49 адам жұмыс жасайды. Олардың орташа еңбек ақысы 82 653 теңгені құрайды», - деп хабарлады облыс әкімдігі.  

Сонымен қатар,  осы күні шаһардың Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында 220 пәтерлік 4 көпқабатты үй пайдалануға берілді.

Нысандар «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында бой көтерді.

Сондай-ақ, облыс басшысы Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылында қалпына келтірілген 150 орындық балабақшаның ашылу салтанатына қатысты. 





Яндекс.Метрика