Евразиялық одақ

Р.Ошақбаев: 2016 жылы электр энергиясы бірыңғай нарығының бағдарламасы әзірленеді

2016 жылы электр энергиясының бірыңғай нарығы бағдарламасы дайындалады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Қыркүйек, 18:16

«Еуразиялық экономикалық одақ құру аясында электр энергиясының бірыңғай нарығын құру қарастырылып, бағдарламалық құжатты дайындауға қатысты нақты мерзімдер бекітілген. 2015 жылы бірыңғай нарықтың тұжырымдамасы әзірленеді, ал 2016 жылы бағдарламаның өзі дайындалады», - дейді.

Сонымен қатар, Р.Ошақбаевтың айтуынша, электр энергиясының ортақ нарығын құру өте маңызды мәселе.

«Электр энергиясы туралы бөлім құрылғанда 3 тарап та әр елдің өзіндік электр энергиясы нарығы әр түрлі парадигмаға негізделгенін алға тартып, ортақ нарықты құру техникалық жағынан мүмкін еместігін айтқан еді. Ал оған жету жолдары тұжырымдаманың өзінде қамтылатыны туралы мәлімдеген еді», - дейді ол.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика