Халықаралық интеграция

Ә.Жақсыбеков ТМД елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы міндетін уақытша атқарушы Әділбек Жақсыбеков Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде26 Қыркүйек , 17:51

«Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерді бағалау, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы тұру, сондай-ақ  халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасылды», - делінген хабарламада.

Ә.Жақсыбеков өз сөзінде лаңкестікпен және экстремизммен күресте, заңсыз есірткі тасымалының жолын кесу мәселесінде Қазақстанның құзіретті органдары қабылдап жатқан шараларға ерекше тоқталды.

Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскерлерін шығару үрдісінің аяқталуына байланысты осы қатерлердің Қазақстан мен Орталық Азия үшін өзекті бола түсетіні айрықша атап өтілді.

Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік проблемасына қатысты алсақ, елдердің ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттерін реттейтін бірыңғай халықаралық нормалар мен ережелерді бекіту мәселесін өңір мемлекеттерінің БҰҰ деңгейінде ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігеріне қолдау білдірілді.

Сондай-ақ Ә.Жақсыбеков Мәскеуде Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Патрушевпен келіссөздер өткізді. Тараптар қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты проблемалардың кең ауқымын талқылады, әлемдік саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікірлерін айтты.

 




Яндекс.Метрика