Халықаралық интеграция

Қазақстанда авиация саласы аз уақыт ішінде үлкен жетістікке жетті – ИКАО Бас хатшысы

ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев пен ИКАО Бас хатшысы Раймон Бенжаменнің кездесуінде Қазақстанда азаматтық авиацияның даму мәселесі мен алдағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.
Алматы қаласы26 Қыркүйек , 18:31

Ведомствоның хабарлауынша, кездесу Халықарылық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Раймон Бенжаменнің Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары аясында өтіп отыр.

Ә.Исекешевтің айтуынша, азаматтық авиацияның дамуы министрлік жұмыстарының басым бағыттарының бірі болып табылады. Ведомство қазіргі таңда ұшу мен авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін ауқымды жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, ел іші мен халықаралық бағыттардағы рейстердің саны мен сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Осы орайда министрлік пен ИКАО техникалық ынтымақтастық бюросының 2 жылдық жұмысының нәтижесі мен оның маңыздылығы айтылды.

Өз кезегінде Р.Бенжамен Қазақстан аз уақыттың ішінде азаматтық авиацияны дамытуда ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге жеткеніне тоқталып, алдағы уақытта Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Айта кету керек, осы уақытта Алматыда ИКАО-ның қолдауымен ұшу қауіпсіздігі бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр.

ИКАО қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және оның дамуына бағыт-бағдар беретін БҰҰ-ның үкіметаралық мамандандырылған мекемесі болып табылады. Қазіргі таңда бұл ұйымға 191 мемлекет мүше болып отыр.




Яндекс.Метрика