Ұлттың денсаулығы

Ольга Довгун Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтынды салды

Қазақстандық спортшы Ольга Довгун 50 м қашықтықтан үш түрлі жағдай бойынша ату түрінен жазғы Азия Ойындарының алтын жүлдесін ұтып алды, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.
Әлемде26 Қыркүйек , 19:07

Бұл сайыста күміс жүлдені корейлік Мире Джонг ұтып алса, қола жүлде Қытайдан келген Йиной Чанның мойнына ілінді.

Қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында жеті алтын, сегіз күміс және 17 қоладан құралатын барлығы 32 медаль бар.

Довгун бұған дейін 50 м қашықтықтан үш түрлі жағдай бойынша атудан командалық жарыста қола жүлде ұтып алған болатын.




Яндекс.Метрика