Өңірлер

Қ.Өскенбаев: «Дипломмен ауылғаның» қатысушылары үшін міндеттер мерзімін 5-тен 3 жылға дейін азайту жоспарлануда

«Дипломмен ауылға» қатысушысының міндеттерін атқару мерзімін 5-тен 3 жылға дейін азайту жоспарлануда, деп мәлімдеді бүгін ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 16:53

«Жаңа ережелерге сәйкес, мерезімді 5 жылдан 3 жылға дейін азайту көзделген. Сонымен қатар, несие қаржыларын мерзімінен бұрын жабуға да рұқсат берілмекші», - дейді ол.

Оның айтуынша, осы бес жылда 3659 адам келісім шарттарын бұзған.

«Ауылдық жерлерге баратын мамандықтар тізімінің көбеюін ескерсек, бұл айтарлықтай көп көрсеткіш емес», - дейді вице-министр.

Айта кету керек, 5 жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 30 мың жас маманды қамтыды. Осы мақсатта бюджеттен 24,5 млрд теңге қаржы бөлінген. 2009-2013 жылдары жобаның іске асырылуы барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Нәтижесінде, өткен жылдармен салыстырғанда қазір ауылдық жерлерге баратын жас мамандар санының күрт артқаны байқалады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика