Өңірлер

Батыс Қазақстанда БЖК бағдарламасы 18 мың кәсіпкерді қамтыды

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында БҚО-да 18 мыңнан астам кәсіпкер қамтылды, деп хабарлады облыс әкімдігінде.
Батыс Қазақстан26 Қыркүйек , 17:18

«Бағдарлама іске қосылғалы бері 46,8 млрд теңгені құрайтын 346 жоба мақұлданды. Қазіргі таңда 14,3 мың жұмыс орны сақталып, қосымша 2,8 мың жұмыс орны ашылды. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 24,6 пайызды, яғни 139,3 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 8 831 жұмыс орны ашылатыны айтылған. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,8 пайызын құрады.

Оған қоса, халықты жұмыспен қамту ұйымдары мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 4,0 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде инфрақұрылым жобаларына 2,2 млрд теңге, кәсіпкерлік негіздерін оқыту мен шағын несиелеуге 1,0 млрд теңге, жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін – 0,6 млрд теңге бағытталды. Бағдарлама аясында 4272 адам жұмысқа орналасты. 




Яндекс.Метрика