Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Ақсу моноқаласы 2 жылдық даму үшін 2,4 млрд теңгені иемденді

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Ақсу қаласының 2 жыл ішінде әлеуметтік және инжинерлік инфрақұрылымды дамытуына 2 млрд 380 мың теңге бөлінді, деді Ақсу қаласының әкімі Болат Бақауов.
Астана қаласы17 Қыркүйек , 19:47

«2012 жылы моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 180 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражат толығымен жұмсалды. Біз 6 ішкіаймақтық ауданды абаттандырдық, қалалық Мәдениет үйінің маңайының көркін келтіріп, Орталық саябақ, хоккей кортын тұрғызып, 2 лифті жөндедік», - деді Б. Бақауов.

«2013 жылы бізге 2 млрд 200 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы жаңа насос орталығы мен жылужолының құрылысына бағытталды. Бұл осы күнге дейін үлкен проблемалық сұрақ болған. Жүйелердің 90 % ескіріп тұрған, қазір олар жаңғыртылуда. Жақын арада насос орталығы да тапсырылатын болады», - деп нақтылады қала әкімі.

Б. Бақаовтың мәліметінше, Ақсу қалалық әкімдігі Аймақтарды дамыту министрлігіне

Инжинерлік инфрақұрылымдық жүйесіне  кешенді жөндеу жұмыстары мен 2014 жылы әлеуметтік нысандарды дамыту үшін 2 млрд-тан артық қаржы бөлу ұсынысын жіберген.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика