Парламент

Мәжіліс Бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер анықталды

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 17:33

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы ретте депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартты, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей азаматтарының екі елдің  аумағында болу тәртібі туралы келісімді  ратификациялау сынды заң жобаларын  талқылайды.    

Сонымен қатар, жалпы отырыстың күн тәртібі жобасында, Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық ынтымақтастықтың мақсаттық қоры туралы келісімді ратификациялауға қатысты құжат бар. 

Палатаға мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.    




Яндекс.Метрика