2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

2014-2016 жылдары 17 мың маман ауылға барады– Өскенбаев

2014-2016 жылдар аралығында 17 мың маман ауылға барады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Қыркүйек, 16:09

«Біз өткен жылы заңға өзгерістер топтамасын енгіздік, 1 қаңтардан бастап ол өз күшіне енді, қазір АШМ аталмыш тізімге енетін мамандардың құжаттар топтамасын дайындауда. Жоба бойынша оның құрамына агрономдар, ветеринарлар, фельдшер-ветеринарлар, техник ветеринарлары, гидротехниктер, технологтар, шаруалар енеді. Тізім 9 мамандық бойынша кеңейді, біз аталмыш бағдарлама өрісін кеңейтіп, ауылға барушылардың санын арттыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз. Жоспар бойынша, 2014-2016 жылдар аралығында 17 мың маман ауылға баруы керек. Бюджетте осы жылға жеткілікті қаржы бөлінді», - деді вице-министр.

Қ.Өскенбаевтың айтуынша, жыл санап бағдарламаның өрісі кеңеюде. Оның құрамына мамандықтардың тізімі қосылуда.

«Егер біз 2008 жылы ауылға келген 3 мың адаммен жұмыс істесек, бүгін олардың саны 6 мыңға жетті, біз бағдарламаны кеңейтудеміз. Бағдарлама бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарын қамтыды, енді жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша бұл тізім кеңейтіліп, 2012 жылы ветеринарлар тізімге қосылды», - деді ол.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика