Ұлттың денсаулығы

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қазақстандық медицина саласы мамандардың біліктілігін жоғары бағалады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен USAID арасындағы табысты ынтымақтастық Қазақстанға денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.
Астана қаласы 26 Қыркүйек, 16:47

Бұл туралы бүгін ана мен бала денсаулығы, отбасын жоспарлау саласындағы «Сапалы денсаулық сақтау» атты USAID бағдарламасының аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей мәлімдеді.

Елші жоба аясында жұмыс істеген қазақстандық мамандардың біліктілігін жоғары бағалады.

«Қазақстанда ана мен бала денсаулығын сақтау саласында жағдай елеулі түрде жақсарды. Аталған жобадан соң Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық бітпейтіні анық. Біздің арамызда өте тығыз байланыс орнады», -  деді елші.   





Яндекс.Метрика