Ұлттың денсаулығы

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

«Еуро-2015» іріктеу додасының аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U19) 29 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Талғардағы базада оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлады Қазақстанның футбол федерациясы.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 19:43

Айта кетейік, қазақстандық жасөспірімдер іріктеу кезеңінде Германия, Аустрия және Латвия құрамаларымен бір топқа түсті. Шағын турнирдің ойындары қазанның 9-ы, 11-і және 14-і күндері  Латвияда өтеді.

«Талғарда жиналғаннан кейін біз бірінші кезекте ойыншыларды медициналық тексерістен өткіземіз. Барлық ойыншылардың дендері сау болып шығып, бірден іске кірісеміз деп үміттенемін. Атқарар шаруа көп. Турнирге дейін футболшылардың алаңдағы өзара түсіністіктерін нығайту керек», - деді құраманың  бас бапкері Михаил Соловьев.

«Бірінші лига командаларында ойнайтын жігіттердің күштік ойында тәжірибелері зор. Өйткені, олар өздерінен үлкен ойыншыларға қарсы тұрады. Былайша айтқанда от пен судан өткен футболшылар. Олардың нақты әлеуеттерін жиын барысында көреміз», - делінген хабарламада.

Михаил Соловьеатің айтуынша, Германия – өте азулы қарсылас, 17 және 19 жасқа дейінгі құрама командалар арасында Еуропа чемпионы. Жалпы, неміс командасы әрдайым чемпионаттың финалдық кезеңіне қиналмай жолдама алып жүрген команда. Олармен терезесі тең дәрежеде ойнай алатын командалар өте аз.




Яндекс.Метрика