Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада жұмысшы жастар арасында «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Астанада жұмысшы жастар арасындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 15:31

Қазақстанның әр өңірінен байқауға қатысуға жұмысшы жастардан 100 шақты өтініш келіп түсті. Алты аталым бойынша жеңімпаз атануға кен-химия, металлургия, мұнай-газ, құрылыс саласы мен машина құрылысы және көлік жүйесінің  мамандары келіп қатысты.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, байқау арқылы жастар арасындағы жұмысшы мамандықтары кеңінен танылып қана қоймай, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің деңгейі де артпақ.

Осылайша байқаудың жеңімпазы ретінде №1 Ақтөбе ферроқорытпа зауыты балқыту цехының өндірістік аға шебері Диас Науразбаев, «Қазфосфат» ЖШС зауытты басқару бөлімінің өндірістік-техникалық өндірісін дайындау инженері Нұрбол Тұрымбетов, «Мұнайхим LTD компаниясы» ЖШС жұмыскері Бейбіт Сағиев, «Фортис» ЖШС бригадирі Дарья Путинцева, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жұмыскері Талғат Құсайынов пен «Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімі» РМКМ кемені техникалық тіркеу және классификациялау бас инженері Жоламан Оразов танылды.

Қазылар үміткерлерді өңірлерінің дамуына қосқан үлесі, өзінің жұмысына деген адалдығы мен көзқарасы, ұйымдастырушылық және жұртпен араласу қасиеттері, жеке жетістіктері, марапаттары мен өзіндік бастамалары, сонымен қатар кәсібінен тыс шығармашылық қызығушылықтарына қарай бағалады.

Айта кету керек, шараны «Қазақстанның жұмысшы және ауыл жастарының қауымдастығы» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика