Өңірлер

Экономиканың даму көзі мен брендтерінің бірі туризм саласы болып табылады – ШҚО әкімі

Экономикамыздың даму көзі мен брендтерінің бірі туризм саласы болып табылады, өйткені біздің облыстың табиғаты бай, деп мәлімдеді бүгін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 15:26

«Туризмге келер болсақ, экономикамыздың даму көзі мен брендтерінің бірі туризм саласы болып табылады. Өйткені біздің облыс орман мен суға бай өңір. Қатон-Қарағай, Бұқтырма, Алакөл жерлері бірегей туристік орталықтар. Туристерді тарту үшін жағдай жасау керек. Ал жағдайды жасау үшін ақша керек. Қазіргі таңда салынып жатқан инвестиция жоқ, алайда біз бірінші сыныпты жол салып қойдық», - деді әкім.

Оның айтуынша, қазіргі таңда аталмыш мәселе үкіметпен бірлесіп жасалынып жатыр. «Өскемен мен Рахман бұлағы арасындағы жолды жөндеуге биыл қосымша 100 млн теңге, ал келер жылы 3,5 млрд теңге бөлінеді. Екінші жағынан, шетелдік инвесторларды тарту үшін тиісті негізге иелік ету керек. Яғни, құжат керек. Біз бұрынғы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, неміс компаниясымен бірлесіп шеберлік жоспарын дайындадық. Біз қазір шетелдік әріптестерімізбен инвестиция тарту мәселесін қарастырып жатырмыз», - дейді ол.

«Ал Алакөлге келіп демалушылар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 400 мың болса, биыл бұдан да көп болуы тиіс. Біз оларға дұрыс қызмет көрсету үшін тәртіпті қадағалайтын коммуналдық мекемелер құрдық», - дейді Бердібек Сапарбаев.  

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика