Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы ШҚО-да жергілікті автожолдың 121 шақырымы жөнделеді

Биыл облыс аумағында 121 км автожол жөнделеді, деп мәлімдеді бүгін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 12:41

«Көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Қытай-Қазақстан-Ресей-Монғолия көлік-логистикалық жүйесін құру басты мәселе болып табылады. Облыс аумағында республикалық маңызы бар жолдар жөнделуде. Биыл 121 км жергілікті автожол жөнделеді. Оған 10,8 млрд теңге бөлінді», - дейді әкім.

Айта кету керек, ШҚО Қазақстанның ең ірі өңірлерінің бірі. Оның аумағы 283,3 мың шаршы шақырым. Облыс халқы шамамен 1,4 млн адамды құрайды. Өңір экономикасы өнеркәсіптік өндіріс пен агроөнеркәсіптік кешенге бағытталған. Өнеркәсіпте түсті металлургия, машина жасау, электр  энергетикасының үлесі мол. Өнеркәсіптік өндіріс өнімінің көлемі биылғы жылдың 8 айында шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8,5%-ға артық. ШҚО-да Қазақстанның барлық металлургия өнімінің төрттен бірінен артығы өндіріледі. Өңір аумағында қорғасын қорының 27%-ы, мырыштың 47,7%-ы, мыстың 47,9%-ы бар. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанға республикадағы машина өндірісі өнімінің 27,4 пайызы тиесілі.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика