Су ресурстарына арналған жаңа саясат

Сырдарияға миллионға жуық шабақ жіберілді - АШМ

Арал-Сырдария бассейні су қоймасына Қамыстыбас балық тәлімбағында өсірілген бір жылдық тұқы, дөңмаңдай, ақ амур балықтарының 1 миллионға жуық шабағы жіберілді.
Қызылорда26 Қыркүйек , 13:33

Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, осы жылы Арал-Сырдария бассейнінің биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтап, көбейту" мемлекеттік бойынша 14,8 млн. дана бір жылдық және 0,42 млн. дана екі жылдық бүрге балығы мен өсімдікпен қоректенетін балықтардың шабақтарын өсіру үшін 207 млн. теңге қарастырылған.

2014 жылы мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары 168 миллионнан астам құнды балық шабақтарын (бекіре тұқымдас жаздық тұқы және шөп қоректі ақ амур, дөңмаңдай) табиғи ортаға жіберуді жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика