Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Астанада ақ халаттылар тұңғыш рет өңешті протездеу үрдісін жүзеге асырды

Елордада тұңғыш рет өңеш ісігі пайда болған пациентке эндоскопиялық тәсілмен ота жасады. Республикалық шұғыл көмек көрсетудің ғылыми орталық қызметкерлері қолдану тәжірибесіне енгізетін жаңа қондырғының жұмысын таныстырды.
Астана қаласы17 Қыркүйек , 19:32

 « Өзі еритін Endo-Flex стенті алғаш рет кардиоэзофагалды оба аурына шалдыққан адамға орнатылды. Дерт өңештен тамақ өтуге кедергі келтіріп, пациенттің жағдайын ушықтырған. Зерртеу кезінде анықталғандай, өңеш маңайындағы ісік диаметрі 10 мм ал стеноз 50 мм-ге дейін жеткен. Ота жасалғаннан кейін бір тәулік өткен соң  дәрігерлер емделушінің жағдайын тексерді, қазір оның халі оңалып келеді», - деді дәрігерлер.

Ол енді толық тамақтану жүйесін ойдағыдай орындайды. Аталмыш дерттің дауасы осы үрдіс арқылы жүзеге асады. Эндоскопиялық тәсілмен стенозды емдеу тәжірибесі орталықта тұңғыш рет жасалып отыр. Алайда, орталық дәрігерлері ота жасау тәжірибесіне ие.




Яндекс.Метрика