Өңірлер

ШҚО-ның ШОБ саласында 260 мың тұрғын жұмыс істейді – әкім

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында ШОБ саласында өңірдің 260 мың тұрғыны жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 12:09

«Елбасы Н.Назарбаевтың басты тапсырмаларының бірі – шағын және орта бизнесті дамыту, оларға жағдай жасау. Президент аталмыш салада қызмет етушілердің санын 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын, бұл көрсеткіш ШҚО-да 32 пайызға жетті, өңірде 260 мың тұрғын жұмыс істеуде, олар 450 млрд теңгенің тауарын өндіріп,бюджетке 75-80 млрд теңге кіріс түсіреді», - деді ол.

Сондай-ақ, әкім ШҚО бизнесті дамытуға жағдай жасау  және әкімшілік кедергілерді жою бойынша пилоттық аймақ екенін айтты.

«Біз ҰКП, «Нұр Отан», бұрынғы көлік министрлігімен 2 жыл қатарынан орынсыз рұқсат беру, анықтама және құжаттардың рәсімделу уақытын қысқарту бойынша тәжірибе жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда тәжірибе айтарлықтай нәтиже көрсетуде. Біз жыл соңына дейін жергілікті атқарушы органдардан келетін  барлық рұқсат беру құжаттарын  қысқартып, уақытын қалыпқа келтіру қызметін мойнымызға алдық», - деді Б.Сапарбаев.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика