Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда 10 жыл ішінде ана өлімінің көрсеткіші 65%-ға азайды

АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстандағы ана мен бала денсаулығы, репродуктивтік денсаулық пен отбасын жоспарлау саласындағы өз қызметтерін аяқтайды.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 11:45

USAID агенттігінің «Сапалы денсаулық сақтау» жобасы биліктің жергілікті органдарымен және Орта Азиядағы халықтың денсаулығын жақсарту үшін әріптес атқарушылармен бірлескен жұмыс аясындағы құны 56 млн доллар болатын бес жылдық өңірлік бастама болып табылады.

USAID агенттігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жемісті ынтымақтастығы Қазақстанның денсаулық сақтау саласында алға қойған мақсаттарына жетіп, айтарлықтай белестерді бағындыруына мүмкіндік берді.

«Он жыл ішінде Қазақстандағы ана өлімінің деңгейі 65%, нәресте өлімі 2008 жылдан бері 60%-ға азайды. Сонымен қатар, отбасын жоспарлау тәжірибесін қолдану жиілігі соңғы бірнеше жылда 10%-дан 50%-ға дейін артты. 2000-нан астам медицина қызметкері ұлттық деңгейдегі 48 оқытушыдан құралған командадан 2007 жылдан бері USAID бағдарламасы аясында оқып шықты», - дейді USAID агенттігінің «Сапалы денсаулық сақтау» жобасының өңірлік директоры Елизавета Мыглина.

Жалпы, бағдарлама барлық өңірде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі реформаларындағы ғылыми негізделген алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен сапасын арттырудың заманауи әдістерін қамтиды.

Айта кету керек, аталмыш бастама Орта Азия елдерінде басқару, қаржыландыру және туберкулез ВИЧ/ЖИТС, ана мен бала денсаулығы, сонымен қатар жүрек-қан тамыр ауруларына байланысты медициналық қызметтерді көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика