Өңірлер

2014 жылдың соңына дейін ШҚО-да 2 мың пәтер пайдалануға беріледі – Сапарбаев (Брифинг бейнебаяны)

Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында 360 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 2 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.
Астана қаласы 26 Қыркүйек, 11:32

«Біздің болжамымыз бойынша жыл соңына дейін 360 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, біз сондай-ақ, несиелік баспана мен ипотекалық баспана бағдарламаларын да қолданамыз. Қазір біз қосымша қаржы көздеріне, яғни, жеке кәсіпкерлерден қаржы тарту мәселелеріне назар аудара бастадық», - деді әкім.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаев 2014 жылдың 8 айында 180 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.

«Мемлекет басшысының басты тапсырмаларының бірі – халықты баспанамен қамту. Өздеріңізге мәлім, бұл мақсатты іске асыру үшін республикада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы жұмыс істейді. Аталмыш бағдарлама 8 ай ішінде 172 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік берді», - деді ол.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика