Білім беру

Microsoft Kazakhstan мен НЗМ білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімге келді

Астанада Microsoft Kazakhstan мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АБҰ арасында білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 14:32

Аталмыш келісім шеңберінде білім беруді трансформациялау, білім беруге инновация енгізу, 21 ғасырдың қабілеттерін жетілдіру мен жұмыспен қамту міндеттемелерін шешу жолында бірлесе жұмыстар атқарылмақ.

«Меморандумға қол қою рәсімі Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Мектептің жаңа ғимараты 2014 жылы пайдалануға берілген болатын. Салтанатты шараға Шығыс және Орталық Еуропадағы Microsoft компаниясының вице-президенті Дон Грэнтем, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АБҰ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Жәменков пен Microsoft Kazakhstan компаниясының бас директоры Алексей Рештенко қатысты», - деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.

«Microsoft компаниясының алдында қазақстандық оқу орындарының, олардағы ұстаздардың, оқушылар мен әкімшіліктердің жаңа ақпаратты технологиялар өнімдеріне деген қолжетімділігін арттырып, білім беру саласында жаңаша технологиялық шешімдерді енгізу тәжірибесін дайындау міндеттемесі тұр. Біз қазірдің өзінде Зияткерлік мектептермен бірқатар бірлескен жобаларды іске асырып жатырмыз.

Атап айтар болсақ, біздің Office 365 өнімін Назарбаев мектептерінің 10 мыңнан астам оқушысы тұрақты пайдаланады. Аталмыш келісім біздің Қазақстандағы білім беру саласына қосатын үлесімізді көбейтіп, бірлескен жобалардың санын арттыра  түсетініне үміт етеміз», - дейді Microsoft Kazakhstan компаниясының бас директоры Алексей Рештенко.  

Жасаланған келісім аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Microsoft Kazakhstan компаниясы бірлескен жобаларды қолға алуды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика